Меню KDT

Жаналықтар

Қамқоршылық кеңестің отырысы

Күн тәртібі:

  1. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру.
    2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
  2. Әртүрлі сұрақтар

    1.Тыңдалды: директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары Д.Т. Куликов жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда бірінші сұрақ бойынша сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27шілдедегі №355 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда №15584 болып тіркеген хатын басшылыққа ала отырып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың туралы» ережесімен таныстырып, қамқоршылық кеңес мүшелерін ата-аналар арасынан сайлау, сайланған ата-аналар мектепке демеушілерді тартуы немесе ата-аналар тарапынан демеуші болуы керектігін де атап өтті. 
    Келесі кезекте мектептің әлеуметтік педагогы А.Н.Шакенова сөз алып, қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы толық ақпарат берді. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы арту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды. 
    А) Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
    Ә) Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту. 
    Б) Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
    В) Мектеп ұжымы жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
    Г) Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.
    Ғ) Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
    Д) Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті. Ереже бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы 1 жылға сайланады, сол себептен қамқоршылық кеңестің құрамын қайта қарастыру керек екенін айтты.

  3. Тыңдалды: ата-аналар сөз сөйледі
    Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-ана Кожкина Жанаргуль Жанбырболатовна Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен Қамқоршылық кеңес төрайымына Жеке кәсіпкер Сагиндыкова Зауре Тасмухановна бірауыздан сайланды. 

    3. Тыңдалды: күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрағасы Жукебаева Анар Зияевна қамқоршылық кеңесінің құрылғанын қолдап, сайланған кеңес мүшелерін құттықтап, ендігі жолда бірауыздан кеңес жұмысын дұрыс жүргізейік деп атап өтті.

    Шешім: 
    1. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сагиндыкова З.Т. тағайындалсын.
    2. Жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға бірінші кезекте көмек беру ұйғарылды.



    Төрайымы    Сагиндыкова З.Т.
Хатшы                      Алькенова Т.А.




Просмотров: 423

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!

Мектеп директоры Сапарова Гульнар Мамырбековна

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

Сауалнама

Мектепте сен үшін ең қызығы не?

Дауыс беру

Сайт статистикасы

  • Осы айда47
  • Осы аптада11
  • Кеше3
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер