Күн тәртібі:
Тыңдалды:
Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Ережепова С.К тыңдалды.
Мектептің білім беру қызметі туралы және оқушыларға білім беру қызметін ұсыну сапасы туралы, демеушілермен көрсетілген қайырымдылық көмектің жұмсалуы жөнінде есеп берді (есеп қоса берілген.)
Қаулы:
Төрайымы Жанабаев Б.Т.
Хатшы: Куликов Д.Т.
№2 Ленинград орта мектебі мектеп директорының
білім беру ұйымының қызметі туралы есебі
Мектеп Ақжар ауданы әкімдігінің №63 қауылысымен бекітілген Жарғысына сәйкес оқушылардың білім алуына жағдай жасау, алдыңғы үлгідегі өркендеу және жеке тұлғаның кәсіптенуіне ұлттық және адамгершілік негізін дамытуға, ғылымның дамуына үлес қосу мақсатында білім беруде. Мектепте оқыту келесі сатылар бойынша ұйымдастырылған: мектепке дейін, бастауыш, негізгі және жалпы орта. Мектеп оқушыларына мемлекеттік білім стандартарына сай білім беріледі. Оқыту тілі – қазақ тілі.Сонымен қатар ағылшын, орыс тілдері пәндері оқытылады.Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Мектепте 254 оқушы білім алуда. Барлығы 17 оқу кабинеттері, 2 спортзал бар. Оның ішінде:
лингафон кабинеті- 1
мультимедия кабинеті-1
Мектепте 37 компьютер, оның ішінде 19 компьютер интернет желісіне қосылған. 8 интерактивті тақта бар.
Биолгия, химия, физика кабинеттері заманауи жабдықталған, 3 зертхана жұмыс істейді.
Ұлдар мен қыздарға арналған технология пәнінің шеберханасы бар.
Мектепте толық күнімен кітапхана жұмыс істейді. 1-11 сынып оқушылары түгел оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Мектепте психолог кабинеті жұмыс істейді.
Жалпы мектепте 28 педагог қызмет етеді, оның ішінде:
Жоғары санатты - 8 мұғалім
І санат - 7 мұғалім, ІІ санат- 2 мұғалім, санатсыз- 11 мұғалім.
Мұғалімдер пәндер бойынша мерзімді білім жетілдіру курсынан өтеді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 7 мұғалім,деңгейлік бойынша 8 мұғалім курстан өтті. Оқу–тәрбиелеу барысында тиімділікке, жаңа педагогикалық технологияны пайдалынады.
Оқушыларға оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық ережелері мен нормаларына сәйкес сақталады.
Сыныптың толықтырылуы, оқу жүктемесі, оқу құралы, күн тәртібі, нормативті құжаттар, т.б.. Вариативтік компонеттерінен 9-11 сыныптарға Абайтану, дінтану факультативтері, бастауыш сыныптарда Қызықты логика факультативтері оқытылады.Мектепте ақылы білім беру қызметі көрсетілмейді.
Балалардың денсаулығын сақтау мақсатында мектепте медициналық кабинет қызмет етеді.
Асхана толық күн тәртібімен жұмыс істейді.
Балалардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру мақсатында түрлі интеллектуалдық ойындар мен олимпиадалар, конкурстар,байқаулар, спорттық жарыстар өткізіледі.
Оқушыларымыз республикалық, облыстық байқаулар, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие.
Оқушылардың тәрбие жұмыстары және сыныптан тыс қызметтерді ұйымдастыру сынып жетекшілер және тәрбиешілер арқылы жүзеге асырылады.
Салауаттық өмір салтын, денсаулықты нығайту мақсатында мектепте футзал, баскетбол, волейбол, тенис, шахмат секциялары жұмыс істейді.Барлық тәрбиелік іс шаралар «Рухани жаңғыру» аясында өткізіледі, әлеуметтік желілерге жарияланады.
Мектепке көрсетілетін қайырымдылық демеушілік көп балалы, аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған оқушыларға көрсетіледі. Демеушілік қаржылай көрсетілмейді. Оқушыларға аяқ - киім, киімдер, оқу құралдары ретінде беріледі. Жаңа жылдық мерекеге орай оқушыларға қайырымдылық демеушілік көрсетілді: