Бұл іс-шара оқушыларға күз кереметтерін көрсету, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. Байқау оқушыларды әділқазы алқасымен және сайыс кезеңдерін таныстырудан басталды. Байқау сегіз кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша әділқазы алқалары бағалап отырды. Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде барлық қатысушылар жоғары ұпайлар алды. «Күзгі киім үлгісі», кезеңінде 9-сынып оқушыларының киім үлгісі ерекше көзге түсті. Өз өнері көрсету кезеңдерінде 9-10 сынып оқушылары өте жақсы деп бағаланды.