30– қыркүйек күні «Қарттар күніне» арнап «Қарттарым асыл қазынам» атты шағын концерт ұйымдастырылды. Бұл күні қариялар мен мектебіміздің ардагер ұстаздары мектепке шақырылып, оқушылар мен мектеп мұғалімдері қарттарға өздерінің өнерлерін көрсетіп, оқушылар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлап, жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, ата – әжелеріміздің шапағатына бөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті.
Мектеп асханасында дастарқан жайып, шай берілді.
Үйде отырған мүгедек қарттарымыздың үйлеріне барып, азық-түлік пакетін табыстадық.
Қорыта айтқанда, барлық жасаған сый – сияпаттарымызға еңбек ардагерлері риза болып, алғыстарын білдірді.