Мамырдың 25-сі сағ.10.00-де мектепте «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынға 1-11 сынып оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. Аудан әкімі Туралинов С.Ш., білім бөлімінің басшысы Садуов Қ.Г., Ленинград селолық округінің әкімі Баетов Қ.С. соғыс ардагері Машрапов И., ардагер ұстаз Авдеенко Н.Т. сонымен қатар демеушілеріміз шақырылды. Мектеп директоры Ережепова С.К. оқушыларды және 11 сынып оқушыларын соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады, оқу ісі меңгерушісі Жаканова Асем Магауяновна оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырды. Мектептің үздік оқушылары Мақтау қағаздармен марапатталды. Аудан әкімі Туралинов С.Ш. жиналған қауымды мерекемен құттықтап, түлектерге аттестаттауда жоғары нәтиже жетуін тіледі.
9-сынып оқушылары ұстаздарына, мектептеріне алғыстарын білдіріп, тақпақ оқыды, оркесторда папури ойнап, гүлдер сыйлады.
Биылғы оқу жылы ұстаздарды білім беру саласында қажырлы еңбектері үшін Алғыс хат және гүл шоқтарын сыйлады.
Мектеп түлектері өздерінің мектеп қабырғасындағы ең соңғы тілектерін, тебіреніс сезімдерін білдіріп тақпақ оқып, ән айтты, мұғалімдерге гүлдер сыйлады. Сонымен бірге түлектер жылдағы дәстүр бойынша, ол «Уақыт капсуласын тапсыру» дәстүрі. Оны салтанатты түрде мектеп директоры Ережепова С.К. уақыт сақшысына табыс етті. Уақыт капсуласын 2017-2018 оқу жылы 1 кыркүйек күні «Алғашқы қоңырау» салтанатында ашып, 11-сынып оқушыларына табыс етуді сұрады.
11 сынып жетекшісі Рахымжанова Ж.Б., және ата-аналар атынан Айтжанов Қ. оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Мектебіміздің тағы да бір дәстүрі бейбітшілік шарларын аспанға ұшырылды.
Сонымен бірге түлектеріміз соңғы вальсін биледі.
Мереке соңында түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау соғу құрметі 11-сынып оқушысы оқушыларына берілді. Түлектерге «Сәт сапар!» тілеп, жиын аяқталды.