28.04.17 күні №2 Ленинград орта мектебі , аудандық «Қыз сыны-2017» сайысын өткізді. Сайысқа Ақжар ауданының: бала-бақшалары мен мектеп даярлық оқушылар қатысқан. Өздерінің жас шамаларына қарамастан, сахна төрінде нағыз жұлдыздардай жарқырады. Бәрі, бір-бірінен өткен сұлулар,ақылына көркі сай арулар. Сайыс үш кезеннен тұрды: “Таныстыру”, “өз өнерлерін көрсету” және “дефиле”. Үш кезеннен сүренбей өткен арулар, жеңімпаз атанды. 23 үміткер,бәрі де үлкен дайындықпен келген. Қатысушылардың ата-аналары ,ұстаздары сахна сыртында қатты қобалжулы болды. Бірінші кезен “таныстыру”.23 Бүлдіршін өздерін барынша таныстыруға тырысты, сонымен қатар ағылшын,орыс,қазақ тілдерінде сөйледі. Өз өнерлерін көрсету барысында, көрермендер тәп-тәтті балалардың , ән айту ,би билеу секілді өнерлеріне тәнті болды. “ Дефиле” ... барлықтарының көздерінің жауын алды. Қолдан жасалған сәнді киімдер , ұлы көрме EXPO- 2017 және қазақи нақышта жасалған. Әділқазылардың бірлесе отырып,ақылдасқан әділ шешімдері Чикунова Викторияға бас жүлдені беруге ұйғарды. “ Еркетай” бала –бақшасының түлегі , “Қыз сыны-2017” байқауының жүлдегері атанды. Қатысушылардың барлығы дерлік бұл орынға сай келеді дегенімен,сұлулардың сұлуы алға шықты. Мұндай шараны өткізу үлкен жауаптылық, байқау көрермендермен қатысушылардың көңілінен шықты деген ойдамыз.