Наурыз – жыл басы! Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың басталғандығын білдіреді. Бұл мереке - ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мейрамның бірі.
Осынау көктен көпке шапағат төгілетін Ұлыстың ұлы күнін 16 наурыз күні біздің мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары ерекше ықыласпен қарсы алды. Мерейлі мерекені жоғары деңгейде қарсы алуға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар барын салған. Нәтижесі таңдай қақтырарлық.Барлық сыныптар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық киімдерін киіп келді. Мерекеміз би кешімен жалғасты.
Наурыз той құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ұлы мереке сіздерге тек бақыт әкелсін!
Мектеп тілшісі Карып Бибигуль