№2 Ленинград орта мектебінің кітапханасында «Сүйемін туған тілді, анам тілін» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме халқымыздың бір туар асыл ақыны, сөз сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналады. Сонымен қатар бұл көрме биылғы жылы 10-шы рет ұйымдастырылып отырған «Бір ел-бір кітап»акциясы аясына сәйкес келіп отыр. Биыл «Бір ел-бір кітап» акциясы С.Торайғыровтың шығармашылығын насихаттауға арналған.