8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Ленинград селосының мәдениет үйінде 07.03.17 күні концерт өткізілді. Мерекенің бастауын Ленинград селосының әкімі Баетов Қайрат Сағидоллаұлы ашты. Барша аналар мен қыз-келіншектерге арналған тілектерден кейін, тіленбей еңбек еткен нәзік жандыларды құттықтау қағазымен марапаттады. Мұндай алғыс сөздерге ие болған соң, ән де шырқалып, би де биледі. Селоның маңызы бар деген мекемелер, соның ішінде: №1 орта мектеп, №2 орта мектеп, колледж және музыкалық мектеп те зор үлестерін қосты. Көрермендер әншілердің дауыстарына тәнті болып, бишілердің биіне тамсана қарады. «Ленинград жайдарман құрамасы»-да көзден таса қалған жоқ, барлық отырған аналар мен әпкелерге күлкі сыйлауда болды. Кештің соңы, көктемдік көңілмен аяқталды. Отырған барлық ханымдарға бір тал құлпырған раушан гүлін сыйлады. Мерекеге өте риза болған халық, жайдарлы қайтты.
Мектеп тілшісі: Еренгайпова Мадина