Бүгін 12 желтоқсан күні Қазақстан тәелсіздігінің күніне арналған, сондай-ақ,жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары,өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді. Барлық «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қабылданған оқушылар арнайы ұйымының белгішесі мен галтугымен марапатталды. «Бірыңғай «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» өз мүшелерін мақтап тұтады! Құттықтаймын! Биік белестерден ғана көріне беріңдер!
Мектеп тілшісі: Қарып Бибигуль